«Іскер аймақ» — шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі шағын және микробизнесті қолдауға арналған нақты құрал.
Бұл бағдарлама басым салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жаңа жобаларды іске қосуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жеңіл шарттармен қаржыландыру мен Қордың кепілдігі бизнес-идеяны табысты іске айналдыруға жағдай жасап, өңірдің дамуына үлес қосуға жол ашады.
– қаржыландыру сомасы- 200 млн. теңгеге дейін;
– мемлекет мөлшерлеменің 40% субсидиялайды;
– қолдау мерзімі – 3 жылға дейін;
– кепілзат жеткіліксіз кезде «Даму» Қоры қарыз сомасының 85% дейін кепілдік береді;
Қолдау тек қаржымен шектелмейді. Кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсынылып, ғимарат, жер телімін жалдауға жеңілдік жасалып, тегін онлайн оқу, кеңес беріледі.
Толық ақпарат – 1408 номірі бойынша
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1219651?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау