Көлік вице-министрі «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске асырылу барысын тыңдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов «Бақты – Аягөз» теміржол желісі құрылысы жобасын іске асыру мәселелері бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ және China Harbour Engineering Company өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында жобаны іске асыру қарқыны, құрылыс техникасы мен жұмыс күшін жұмылдыру, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары кестесінің орындалуы мәселелері қаралды.

Кеңеске қатысушылардың мәліметінше, бүгінгі күні инженерлік-геодезиялық, геологиялық және гидрологиялық іздестіру жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жер төсемін салу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде нысанда 613 бірлік техника мен 958 жұмысшы жұмылдырылған. Қазу және үйінді салу жұмыстары атқарылып, құрылыс учаскелерін қажетті материалдармен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда.

Жәнібек Тайжанов жобаны белгіленген мерзімде іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, техника мен еңбек ресурстарын уақытылы жұмылдыруды, сондай-ақ құрылысқа қатысушы барлық тарап арасындағы үйлестіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша жұмыстардың орындалу барысына тұрақты мониторинг жүргізіп, жобаны уақытылы іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға, теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға және өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға бағытталған. Жаңа теміржол желісінің жалпы ұзындығы 303 шақырымды құрайды. Жоба 2025–2027 жылдары жүзеге асырылады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1220019?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version