Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі №267 бұйрығын орындау мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінде жұмыс жиыны өтті. Басқосу ІІМ Ұлттық ұланы әскери бөлімдеріне шақырылушыларды іріктеу, зерделеу және жасақтау жұмыстарын үйлестіруге арналды.
Жиынды Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Серік Бердіғалиұлы Айдаров жүргізді. Іс-шараға аумақтық полиция бөліністерінің қызметкерлері, қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері және жауапты мамандар қатысты.
Кездесу барысында әскер қатарына шақырылатын азаматтардың моральдық-психологиялық жағдайы мен физикалық даярлығын бағалау, жеке істерін рәсімдеу, әскери бөлімдерге жасақтау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қаралды.
Сондай-ақ шақыру науқанын өткізу кезінде заңдылықтың сақталуы, тәртіпті қамтамасыз ету, шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бағыттары талқыланды.
Жиын барысында жауапты қызметкерлерге әскери қызметке жарамды жастарды сапалы іріктеу, олардың кәсіби және психологиялық дайындығына ерекше назар аудару, сондай-ақ барлық ұйымдастыру жұмыстарын белгіленген мерзімде орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жұмыс жиынының қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан қатарына шақырылушыларды іріктеу және жасақтау жұмыстарын сапалы әрі уақытылы ұйымдастыру міндеті жүктеліп, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.
https://www.instagram.com/reel/DYR1n8aM3fr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1220151?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау