Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс орнату мақсатында өткен жылы «EgovKZBot2.0» telegram бот платформасы іске қосылған.
Бұл бот платформасының басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату және туындаған сұрақтарға толыққанды ақпарат ұсыну.
Атап өту қажет, бот платформасы арқылы Департаментпен
2026 жылдың I тоқсанында 20 азаматқа тиісті түсіндірмелер берілген.
Егер Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтама алғыңыз келсе ұялы телефоныңызға «Telegram» мессенджерін жүктеп, «EgovKzBot2.0» телеграмм ботын қолдана аласыз.
____________________________________________________________
Телеграмм бот арқылы төменде көрсетілген тізбеге сәйкес өзіңізге керекті қызмет түрін таңдай аласыз.
– ХҚКО-на кезекті брондау
– 1414 операторымен байланысу
– Уәкілетті органға өтініш
– Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша оператормен байланысу
– Көрсетілетін қызметтер
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
– Egov mobile жүктеу
– Әкімшілік айыппұлдар болуын тексеру
– Таяудағы ХҚКО
– Қазақстанда ашық үкіметті дамыту бойынша ұсыныс
– Бот туралы
– Баптаулар
Егерде Сіздің Уәкілетті органға қандайда бір шағымыңыз болса, өзіңізге қатысты толық ақпаратты көрсетіп, өзіңіздің шағымыңызды толыққанды баяндай аласыз.
Нәтижесінде, Сізге 3 жұмыс күні ішінде тиісті жауап ұсынылады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1219866?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау