Әбдірова Әдемі Өмірбайқызы — Шымкент қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының инспекторы, полиция майоры. Ішкі істер органдарындағы қызметте тәжірибе жинақтаған маман күн сайын қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.
Оның жұмыс күні ерте таңнан басталады. Ана ретінде балаларын балабақшаға дайындап, отбасылық міндетін атқарған соң қызметке кіріседі. Таңғы саптық жиыннан кейін азаматтарды қабылдау, көші-қон саласына қатысты құжаттарды рәсімдеу, шетел азаматтарының елімізде болу заңдылығын тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысады.
Көші-қон қызметіндегі жұмыс жоғары жауапкершілік пен мұқияттылықты талап етеді. Себебі әрбір құжат пен өтініш заң аясында жан-жақты қаралады. Сонымен қатар, профилактикалық іс-шаралар мен рейдтік жұмыстарға қатысып, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға алады.
Қызметтен тыс уақытта спортпен тұрақты айналысып, салауатты өмір салтын ұстанады. Спорт тәртіп сақшысы үшін физикалық дайындықты нығайтып қана қоймай, қызмет барысындағы жинақылық пен төзімділікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қызмет пен отбасы жауапкершілігін қатар алып жүрген полиция майоры күнделікті еңбегі арқылы ішкі істер органдарындағы әйел қызметкерлердің кәсібилігі мен табандылығының үлгісін көрсетіп келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1219600?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау