Бүгін VIII шақырылған қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары Айдарханов Темірхан Айдарханұлы, Алмас Ұлан Алмасұлы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/260 «Приозерск қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Ұсынылған өзгерістер қала бюджетінің шығыс бөлігін нақтылау, әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында әзірленген. Талқылау барысында депутаттар ұсынылған түзетулерді жан-жақты қарап, қаржылық тәртіптің сақталуы мен бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/261 «Приозерск қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды. Депутаттар даму жоспары жобасына енгізілетін толықтырулар мен түзетулер бойынша ұсыныстарын білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелерді бірауыздан мақұлдап, оларды кезекті сессияның қарауына ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1220441?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау