12 мамыр күні қайталама қылмыстардың алдын алу және пробация есебіндегі тұлғалардың мінез-құлқын бақылау мақсатында пробация қызметінің жеке құрамының жалпы жиыны ұйымдастырылды.
Нұсқама өткізілгеннен кейін пробация қызметкерлері мен аудан прокурорлары бірлесіп, қала аумағындағы барлық аудандарда есептегі тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында сотталғандардың өздеріне жүктелген шектеулер мен міндеттерді сақтауына, олардың нақты орналасқан жеріне, өмір салтына, сондай-ақ қайта қылмыс жасаудың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Қосымша түрде электрондық бақылау құралдары мен «Цифрлық пробация» жүйесінің мүмкіндіктері қолданылып, есептегі тұлғалардың орналасқан жері нақты уақыт режимінде бақыланды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп, қайталама қылмыстың алдын алуға, бақылаусыздық фактілерін болдырмауға және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1219807?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау