🔶Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қармақшы, Жалағаш аудандарының 2025 жылға аудандық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі баяндама жасап, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
🔶Отырысқа Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Жалағаш және Қармақшы аудандарының бөлім басшылары қатысты.
🔶Комиссия мүшесі Б.Т. Пшанов баяндама барысында Қармақшы ауданында даму жоспары бойынша 9 нысаналы индикатордың 6-уы орындалғанын, 3-уі орындалу сатысында екендігін. Аудит объектісінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 15 бірлік бұзушылық анықталғандығына тоқталды.
🔶Жалағаш ауданы бойынша аудит объектілерінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтарының нормалары сақталмағандығынан 5 бірлік бұзушылық анықталғандығын, рәсімдік бұзушылықтар – 4 бірлікті құрағандығын. Аудандық отбасын қолдау орталығы КММ-нен шығыстардың экономикалық сыныптамасының 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі үшін аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді»- деген талаптары сақталмай, коммуналдық қызметтерге алдын ала төлем жасау салдарынан 2026 жылдың 01 қаңтарына 58,1 мың теңгенің дебиторлық қарыздарының құралуына жол бергені анықталғандығын баяндады.
🔶Отырыс барысында тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Н. Р. Қордабай мен комиссия мүшелері көтерген бірқатар сауалдарға аудан әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ аудандық бөлімдерінің басшылары жауап берді. Жиын қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы тиісті қаулылар қабылдап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шараларды орындау мақсатында уәкілетті мекемелерге тиісті ұсынымдар жолдайтын болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1219518?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау