Кәсіби этика мен деонтологияны сақтау Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл нормалар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, фармацевтикалық көмектің сапасын арттыруға және денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған.
Кәсіби этика Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 «Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
Фармацевтикалық қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
- бейтараптық;
- адалдық пен объективтілік;
- парасаттылық;
- кәсіби құзыреттілік;
- мінсіз мінез-құлық;
- адалдық;
- ақпараттың құпиялылығын сақтау;
- адамгершілік;
- тәуелсіздік.
Деонтологиялық тәсіл эмпатия мен жауапкершілікке негізделген пациенттермен мұқият әрі құрметті қарым-қатынасты көздейді. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
- шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермейді;
- пациенттің жеке өміріне және құпиялылық құқығына құрметпен қарайды;
- шешімдерді тек пациенттің мүддесі үшін қабылдайды;
- кәсіби қызметі шеңберінде орналасқан жері мен уақытына қарамастан мұқтаж адамға медициналық көмек көрсетеді;
- өз денсаулығын сақтаудағы ортақ жауапкершілік қағидаттарын түсіндіреді.
Осылайша, этика мен деонтология нормаларын сақтау фармацевтің кәсіби қызметінің және Қазақстан Республикасында сапалы фармацевтикалық көмекті қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1219482?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау