Қазақтың Қыз Жібегі Ойыл ауданында

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Белгілі кино және театр актрисасы Меруерт Өтекешовамен «Өмірі – өнеге, өнері – мәңгі» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.
Ойыл ауданы тұрғындары үшін тағылымы мол мәдени шара болды. Кештің негізгі мақсаты – қазақ кино өнерінің алтын қорына енген «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлді сомдаған актрисаның өмір жолы мен өнердегі еңбегін насихаттау, ұлттық мәдени мұраны дәріптеу.
Кездесу кешінің құрметті қонағын аудан тұрғындары ұлттық дәстүрге сай ерекше ықыласпен қарсы алды. Аудандық мәдениет үйінің алдында келіндер қазақы дәстүрмен сәлем салып, жігіттер гүл шоқтарын табыстады.
Мәдениет үйінің фойесінде халықтық «Өлке сазы» фольклорлық ансамблінің күй орындауымен қатар, актрисаның шығармашылық жолын қамтыған фотокөрме және «Ойылдың жеті кереметі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ауданның тарихи-мәдени ерекшеліктері таныстырылып, келген қонақтарға кеңінен насихатталды.
Кеш барысында экраннан «Қыз Жібек» фильмінен арнайы бейнеролик көрсетіліп, қазақ кино өнерінің жауһарына айналған туындының тарихи маңызы кеңінен баяндалды. Жүргізуші қазақ халқының рухани болмысын айшықтаған фильмнің құндылығы мен актрисаның өнердегі орны туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Шараның негізгі бөлімінде Меруерт Өтекешовамен еркін форматтағы сұхбат ұйымдастырылды. Кездесу барысында актриса өзінің өмір жолы, өнерге келуі, «Қыз Жібек» фильмінің түсірілу тарихы және өмірлік тәжірибесі жайлы тағылымды әңгімелер айтты.
Кеш аясында арнайы қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, қазақ мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі үшін актрисаға ризашылықтарын білдірді. Атап айтқанда, осы кездесудің өтуіне мұрындық болған «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Күлпаршын Айдарханова, айтыскер ақын Жұлдыз Қожабекова, ауыл ақсақалы Ғазиз Займолдин және аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлеймен құттықтау лебіздерін жеткізді.
Тағылымды кеш ұлттық өнерді ұлықтап, қазақ киносының алтын дәуірін еске түсірген рухани мәні зор мәдени басқосу ретінде көпшілік жадында қалды.
Меньше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uil/press/news/details/1219881?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version