Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына Алматының бір жарым мыңнан астам оқушысы қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында бір жарым мыңнан астам оқушы мен жастардың қатысуымен ауқымды патриоттық акция өткізді.

Кездесулер Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде, №48 лицейде және Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалында өтті. Іс-шараларға қалалық білім басқармасының өкілдері, Қарулы күштер мен Ауған соғысының ардагерлері, педагогтер және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Қорғаныс ведомствосының өкілдері оқушыларға әскерге шақыру және әскери қызмет өткеру шарттары, мерзімді қызмет сарбаздарына берілетін жеңілдіктер, әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен армиялық мансаптың мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі полковник Даулет Бейсековтің айтуынша, бүгінде әскери қызмет жастарға кәсіби және тұлғалық дамуға кең мүмкіндік береді.

– Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру жеңілдіктері қарастырылған. Ал жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер мемлекеттік грант есебінен тегін жоғары білім ала алады, – деп атап өтті ол.

Акция қатысушылары Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейіне ерекше назар аударды. Мұнда аты аңызға айналған қолбасшыға арналған музей жұмыс істейді және робототехника бағыты қарқынды дамып келеді. 5–8 сынып оқушылары бағдарламалау, құрастыру және түрлі механизмдердің жұмыс істеу қағидаларын меңгеруде.

Оқу орнында «Жас сарбаз» сыныбы да жұмыс істейді. 7-сынып оқушысы Алина Серіктің айтуынша, әскери-патриоттық сыныпта оқу оны тәртіпті әрі жауапты болуға үйреткен.

Оқушылар үшін Армия үйінде қару-жарақ пен әскери киімдердің көрмесі ұйымдастырылып, Жауынгерлік даңқ музейіне экскурсия өткізілді. Музей басшысы Алуа Байкадамова мұндай іс-шаралардың жастардың патриоттық тәрбиесіне және тарихи жадыны сақтауға қосатын үлесін атап өтті.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғашқы әскери дайындық пәнінің бірқатар оқытушылары Қорғаныс министрлігі басшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Акция Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалы шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы алдағы уақытта Қонаев және Талғар қалаларында жалғасады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1219798?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version