Ташкент қаласында «Сапалы даму арқылы адам құқықтары саласындағы ілгерілеуді бірлесіп дамыту» тақырыбында «Қытай – Орталық Азия» Адам құқықтарын дамыту форумы өтті.
Форум жұмысына Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік органдарының, ұлттық құқық қорғау институттарының, ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Қытай мен Орталық Азияның адам құқықтары саласындағы ынтымақтастығының басым бағыттары» атты пленарлық отырыс аясында Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының азаматтық және саяси құқықтар бөлімінің меңгерушісі Виктор Тихонов сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол Қазақстанда мемлекеттің құқық қорғау әлеуетін нығайтуға және мемлекеттік басқаруда адамға бағдарланған тәсілдерді дамытуға бағытталған конституциялық реформалар туралы ақпарат ұсынды.
Форум аясында цифрландыруды дамыту, экологиялық және зияткерлік құқықтар, сондай-ақ өңірдегі гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелері де талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1219941?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау