Режеп Тайип Ердоған Қазақстандағы реформалар мен екіжақты серіктестіктің маңызын атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанда республикалық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция ел бірлігін одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Түркия Президенті Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас бүгінде кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық бағытта дамып келе жатқанын айтты.

– Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде сауда, энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықпен қатар жаһандық өзекті мәселелерді талқыладық. Біз екі ел арасындағы тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді тағы да растадық, – деді Режеп Тайип Ердоған.

Сондай-ақ ол 15 сәуір күні Астана қаласында өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын іске асырудың маңызын атап өтті.

Түркия Президентінің айтуынша, алдағы уақытта да екі ел компанияларын инвестициялық жобаларға ынталандыру жалғасады. Сонымен қатар бүгін өткен Қазақ-түрік бизнес форумы секілді алаңдар сауда-экономикалық байланысты күшейтуге серпін береді.

Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан Серік Жұманғарин, Нұрлан Жақыпов баяндама жасады.

Ал Түркия тарапынан Хакан Фидан және Болат Омер сөз сөйледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1220439?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version