САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек және Жібек жолы ауылдық округтеріндегі жылыжай иелерімен кездесу өткізді. Жиынға аудан прокуроры Мақсат Мошхалов, аудандық полиция басқармасының басшысы Досжан Нұсқабеков , кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Әмірханов және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кездесу барысында жылыжай шаруашылығындағы өзекті мәселелер, әсіресе шетелден келетін көкөніс өнімдерінің ішкі нарыққа әсері кеңінен талқыланды.

Аудан әкімі бұл бағытта Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізілетінін. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау, халыққа қолжетімді баға қалыптастыру және жылыжай иелерінің мүддесін қорғау мәселелері бойынша ортақ келісімге келу қажеттігі айтылды. Кәсіпкерлерге қызанақ бағасын негізсіз көтермеу жөнінде ұсыныс білдіріліп, екіжақты міндеттемелер аясында нақты келісім жасау қажеттігі сөз болды. Сондай-ақ, кеден бекеттері арқылы өтетін тауарларға зерделеу жұмыстарын жүргізу, фитосанитариялық бақылауды күшейту және сауда талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Тұрғындар тарапынан шекарадан өтетін өнімдердің сапасы мен бағасына қатысты сауалдар қойылды.

Аудан басшысы барлық жұмыстар заң аясында жүргізілетінін атап өтіп, өңірдегі агроөнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар, облыс әкімдігімен бірлесе отырып, өндірістік парк аумағынан 5 гектар жерге көтерме-тарату орталығының құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысында сала өкілдерінің ұсыныстары тыңдалып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жалғасатыны айтылды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1220497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version