Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің басшыларының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты тиісті учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді.  Бос орындар келесі комиссияларда құрылады:

         №136 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 бос орын;

         №142 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.

         Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2026 жылдың                                 15 мамыры мен 01 маусым (қоса алғанда) аралығында аудандық мәслихатқа мына мекен-жайға ұсынылуы керек:

Атырау облысы,  Исатай ауданы,  Егемен Қазақстан көшесі – 11, 1 – қатар, 19 – бөлме.

Құжаттарды  жинауға жауапты тұлғаның аты-жөні:

Нұрлыбеков Айбек Рысбекұлы

Байланыс телефоны: 8/71231/ 2 -04-53

Электронды поштаның мекен-жайы: isatai_maslihat@mail.ru

Құжаттарды қабылдау уақыты: сенбі, жексенбі күндерінен басқа күндері сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін.

         Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер учаскелік сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Исатай аудандық  мәслихатының төрағасы Рахметов Аманжол Идиятоллаевичтің атына жолдайды. Оған:  

  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың Жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының облыстық аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
  • саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
  • кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы тиісті мәслихатқа өтініші қоса тіркеледі;
  • кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.

 

                                  Исатай аудандық  мәслихаты

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-isatay-district/press/news/details/1220138?lang=kk

Exit mobile version