Бүгін, 2026 жылдың 14 мамырында 1-сынып оқушылары, мектепалды сынып және мектепалды топ тәрбиеленушілері арасында «Тіл мұрасы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Сөз зергері» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – жас бүлдіршіндердің тіл байлығын дамыту, сөз мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Аудандық кезеңге 20-дан астам қатысушы қатысып, өздерінің өнерлері мен білімдерін ортаға салды.
Сайыс барысында қатысушылар мәнерлеп оқу, ән айту бойынша бақ сынасты. Бүлдіршіндердің тапқырлығы мен қазақ тіліне деген қызығушылығы көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
«Сөз зергері» байқауы жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1220454?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау