Таразда спорттық жарыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Жамбыл облысындағы мамандандырылған колледждерінің арасында «World Skills Zhambyl-2026» облыстық кәсіби шеберлік жарысы өтті. Аталған шараға ҚР ТЖМ Өрт-құтқару спортын дамытуды үйлестіруші Максут Есполов қатысты. Аталған шараға барлығы 6 команда қатысып, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, жауынгерлік киім кию, өрт сөндіру мұнарасына көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақпен жүгіру, биіктіктен зардап шегушіні құтқару және т.б. спорт түрлері бойынша бақтарын сынады. Жастарға командалық рух пен патриоттық сезім сыйлайтын, өрттен құтқару спортын дамытуға қомақты үлес қосу мақсатындағы жарыс өте тартысты өтті және облыс аумағында мұндай шара жылына бір рет ұйымдастырылып өткізілуде екендігін атап өткен жөн.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1219504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version