Үлкенге құрмет, жастарға үлгі: Ұлы Отан соғысының ардагерін Жеңіс күнімен құттықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жастары ұжым атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповты Жеңіс күнімен құттықтап барды.

Олар соғыс ардагеріне майдандағы және саладағы қызметіне алғыс білдіріп, деніне саулық, отбасына береке тіледі.

Анатолий Назарович Попов 1926 жылы 13 қаңтарда Алматы облысы, Қаскелеңде дүние келген. Ерте жасынан әскерге шақырылып, 1943 жылдан бастап Прибалтика майданында қызмет етті.

Фашистік басқыншыларды талқандаған соң Анатолий Назарович 1952 жылы Саратов әскери медицина училищесіне оқуға түседі.

Оқуды аяқтап алдымен Германияда, сосын елге оралып, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 30 жылдан аса қызмет еткен.

Ардагерге құрмет тек мерекеде емес, жиі көрсетіліп тұрады. 2026 жылдың қаңтар айында Департамент басшылығы Анатолий Назаровичтің үйінде болған.

Себебі бүгінгі бейбіт өмір мен ашық аспан осы кісілердің арқасында. Сондықтан ардагерлерімізді құрметтейік, бағалайық!

Аталған іс-шара соғыс ардагеріне деген құрмет және жастарға үлгі ретінде ұйымдастырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1220121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version