«Ұлттық жоба»: Талдықорғанда жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс орталығы Талдықорған қаласында тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Биыл «Ұлттық жоба» аясында Жансүгіров көшесі бойындағы диаметрі 700 мм жылу желілеріне жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба Гагарин көшесінен Ескелді би көшесіне дейінгі 3,5 шақырым аумақты қамтиды. Жобаны мердігер ұйым – «ДАНиЕР» ЖШС атқаруда.

Жансүгіров көшесі бойындағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жоспар бойынша қыркүйек айында толық аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, «Ұлттық жоба» аясында Біржан сал көшесіндегі 1,2 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, «Талдықорғанжылусервис» мекемесі өз қаражаты есебінен қала бойынша 5,2 шақырым жылу желілеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары да басталды.

Аталған жұмыстар қала тұрғындарын алдағы жылыту маусымында тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1219617?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version