Ұрпақ сабақтастығы: отбасы мен қоғам үйлесімі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аналар күні мерекесіне орай Жанама ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұрпақ сабақтастығы: отбасы мен қоғам үйлесімі» атты жас және үлгілі отбасылардың тағылымды кездесуі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, аналардың қоғамдағы рөлін кеңінен насихаттау және жас отбасыларға өнегелі тәрбие беру болды.

Кездесуге округтің Аналар кеңесінің мүшелері, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жүлдегері К. Қамбарова, сондай-ақ 50 жасқа дейінгі «Күміс алқа» иегерлері қатысты. Шара барысында қатысушылар отбасы бірлігі мен берекесі, ұлттық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі және әйел-аналардың қоғамдағы орны жөнінде мазмұнды пікір алмасты.

Көпбалалы аналар мен ақ жаулықты әжелер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас отбасыларға ақыл-кеңестерін айтты. Сонымен қатар, отбасындағы сыйластық пен татулықтың маңыздылығы жайында тағылымды әңгімелер өрбіп, өнегелі ойлар айтылды.

Іс-шара соңында ақ жаулықты аналар жастарға ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу жылы әрі рухани тағылымға толы жағдайда өтіп, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды басқосу болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1220406?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version