📌 «Заң мен тәртіп – қоғам кепілі»
Қызылбалық ауылдық округі әкімшілігінде спорт кешені, ауылдық мәдениет үйі, А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі, өрт сөндіру бөлімінің басшылары және ветеринариялық пункт меңгерушісінің қатысуымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында жиын өтті.
Жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, мекемелердегі қауіпсіздік шараларын күшейту, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су айдындары мен жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде де айтылып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
Жиын соңында заң талаптарын сақтау мен тәртіпті нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1220491?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау