Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының, ШҚО бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің және облыстың дәрігерлік-консультациялық комиссиялары төрағаларының бірлескен отырысы өтті.
Кеңес барысында:
🔹 медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
🔹 сырттай проактивті куәландыру;
🔹 сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау;
🔹 медициналық ұйымдар тарапынан жалған және шындыққа сәйкес келмейтін медициналық құжаттарды ұсынуға жол бермеу мәселелері қаралды.
Азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде медициналық құжаттардың сапалы рәсімделуіне, заңдылықтың, объективтіліктің және ашықтықтың сақталуына ерекше назар аударылды.
Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1220201?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау