Жарқайың аудандық мәслихатының депутаты Г. Смағұлова ұжымдарымен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сайлаушылармен есептік кездесулер кестесі аясында Жарқайың аудандық мәслихатының депутаты Г. Смағұлова мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық қазынашылық және аудандық қаржы бөлімі ұжымдарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутат қатысушыларды аудандық мәслихаттың атқарып жатқан жұмыстары, қабылданған шешімдер және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджеттік саясатты жетілдіруге, сондай-ақ тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған негізгі қызмет бағыттары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар аудандық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, жергілікті атқарушы органдар мен депутаттық корпустың назарын қажет ететін мәселелерді көтерді. Түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар депутаттың қарауына алынды.

Осындай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, кері байланысты нығайтуға және ауданның өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1219998?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version