Жазғы демалыс кезеңіндегі балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын қауіпсіз ұйымдастыру мәселелеріне арналған облыстық семинар өтті.

Іс-шараға Департаменттің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Рахимжанова Мақпал Жомартқанқызы қатысты.

Семинарды ШҚО білім басқармасы ұйымдастырды. Сонымен қатар жиынға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, төтенше жағдайлар қызметінің, полиция және өзге де мекемелердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен, әдіскерлермен, сауықтыру лагерлерінің директорларымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы өзекті мәселелер талқыланып, бірлескен жұмыс бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-vko/press/news/details/1219474?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version