Демалушылардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша нұсқаулық кеңесі өткізілді.
Іс-шараға облыстық Жетісу облысы ТЖД басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ Жетісу облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының өкілі қатысты.
Кеңес барысында шағын көлемді кемелерге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, су объектілеріндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау, сондай-ақ шомылу маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қаралды.
Шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану, кеме иелерінің су көлігін пайдалану қағидаларын сақтауы, сондай-ақ азаматтардың су айдындарындағы демалысы кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында қатысушылар мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының практикалық мәселелерін, су айдындарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын және су объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлімшелердің дайындығын арттыру мәселелерін талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмыстың алдағы міндеттері айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1220146?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау