Жаһандану және халықаралық туризмнің қарқынды дамуы жағдайында безгектің эндемиялық емес елдерге әкеліну қаупі сақталуда. Осыған байланысты шетелге сапар жоспарлап отырған азаматтарға баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды алдын ала нақтылап, келесі алдын алу шараларын қатаң сақтау ұсынылады:
• маса шағуынан қорғану: маса торларын пайдалану (оның ішінде инсектицидтермен өңделген), репелленттер қолдану, кешкі және түнгі уақытта жабық киім кию, терезелер мен есіктерге қорғаныш торларын орнату;
• безгекке қарсы препараттарды сапарға дейін және болу кезінде профилактикалық мақсатта қабылдау (дәрігердің тағайындауы бойынша);
• медициналық көмекке уақтылы жүгіну;
• клиникалық белгілер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралып, безгек бойынша эндемиялық елде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1221076?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау