Абай облысында 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын қарау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы мәслихатының экономика, қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласын дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынды тұрақты комиссия төрағасы Рафаиль Хазипов жүргізді.

Отырыста Қаржы басқармасының 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі қаралды. Сонымен қатар өңірдегі салық-бюджет саясатының жүзеге асырылуы мен Тексеру комиссиясы ұсынымдарының орындалу барысы талқыланды.

Күн тәртібінде Абай облысының даму жоспарының іске асырылуы, жоспарланған мақсаттар мен негізгі көрсеткіштердің орындалуы мәселелері де қаралды. Сондай-ақ Тексеру комиссиясының бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша дайындаған есебі тыңдалды.

2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыс бюджетінің кірісі 365,7 млрд теңгені құрады. Ал шығыстар көлемі 410 млрд теңгеден асты. Қаражат білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу, мәдениет және спорт салаларына бағытталған.

Отырыс барысында депутаттар бірқатар ұсыныс айтып, көтерілген мәселелерді бақылауда ұстау қажеттігін жеткізді.

 

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1220814?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version