«Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауының аудандық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында 2026 жылдың 14 сәуірде М.Ахметбеков атындағы орта мектебінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл байқау жас ұрпақтың сөз өнеріне деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды терең түсінуге жол ашады.
Қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып қана қоймай, оның терең философиялық ойларын жүрекпен сезініп жеткізуге тырысты. Әрбір өнер көрсетілімінде ұлт рухы мен даналықтың ізі байқалды.
Абай мұрасы – мәңгілік мұра. Оны дәріптеу – әрбіріміздің парызымыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1221476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version