Алматы облысы полициясы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне мерекелік сәт сыйлады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысының полицейлері Қонаев қаласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілермен кездесті.

Есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес өкілдерімен бірлескен бұл іс-шара балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға бағытталды. Қонақтар балаларға ойыншықтар, доптар, футбол киімдері мен тәттілер сияқты сыйлықтар табыстап, олардың қуанышына себеп болды. Балалар полицейлерді жылы қарсы алып, кездесу достық әрі еркін атмосферада өтті.

Мұндай кездесулер тек материалдық қолдау көрсетумен шектелмей, қоғам мен полиция арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруге ықпал етеді. Полицейлер жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1220699?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version