Бүгін Халықаралық медбикелер күніне орай қалалық ауруханада салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ақ халатты абзал жандардың еңбегін дәріптеуге арналған шарада медицина саласының мамандарына ерекше ілтипат білдірілді.
Іс-шараға аудандық мәслихат депутаты Жанғали Мауленов қатысып, медбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде адам денсаулығын сақтауда медбикелердің еңбегі мен жауапкершілігі айрықша екенін атап өтті.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында табанды еңбек етіп жүрген бірқатар медицина қызметкерлеріне аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік шара жылы атмосферада өтіп, медицина қызметкерлеріне зор алғыс пен сый-құрмет көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1221239?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау