Ақмола облысында полицейлер 600 кг астам балықтың заңсыз тасымалдануының жолын кесті
“Уылдырық шашу” республикалық акциясы аясында Ақмола облысы ПД ҚҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері ЕТ аға инспекторы полиция подполковнигі В.Серкина мен полиция майоры С.Шашкенов балықтың ірі партиясын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.
Полиция қызметкерлері 2026 жылғы 15 мамырда сағат 01:30 шамасында түнгі рейдтік іс – шаралар барысында Көкшетау-Омбы автожолының 11 шақырымында Көкшетау қаласы бағытында дала жолда тұрған “Volkswagen” маркалы автокөлікті көрді.
Көлік құралын тексеру кезінде тәртіп сақшылары 635 кг балық тауып алды. Келтірілген залалдың сомасы болжам бойынша 5 миллион теңгеден асты.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталу үстінде.
Жүргізушінің түсініктемесі бойынша, ол балық аулаудың қолданыстағы шектеулері туралы білмеген. Алайда, заңнаманы білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескеру қажет.
Полицейлер уылдырық шашу кезеңінде аймақ аумағында балық аулауға уақытша шектеулер бар екенін еске салады. 15 сәуірден 15 мамырға дейін шортан, көксерке және аққайран балықтың түрлерін аулауға тыйым салынады, ал 20 мамырдан 20 маусымға дейін тұқы аулауға тыйым салынады.
Табиғатты қорғау полициясы азаматтарды заңнаманың талаптарын сақтауға және аймақтың табиғи ресурстарына ұқыпты қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1221342?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау