Ақмола облысында «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші слеті өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 мамырда Зеренді ауданының «Sunqar» балалар лагерінің базасында прокуратура облысы мен білім басқармасының бастамасымен құрылған «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші слёті өтті.

Жоба өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, құқықбұзушылықтың алдын алуға, балалардың таланттарын дамытуға және үлкендерге құрмет қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шараға облыс прокурорының орынбасары, өңір басшылығы, мемлекеттік органдардың өкілдері және облыстың 20 ауданынан 100-ден астам бала қатысты.

Слёт аясында бірлестікке жаңа қатысушыларды қабылдау рәсімі, зияткерлік жарыстар, тренингтер және жүлде қоры бар командалық ойындар өткізілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1221223?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version