Ақмола полицейі адамдарды құтқарғаны үшін жоғары мемлекеттік наградаға ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әрбір полиция кителінің өз қызметі, жауапкершілігі және батылдығы туралы тарихы бар. Көкшетау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Азамат Албаков үшін қызмет бұрыннан бері тек мамандық емес, өмірлік ісі және ішкі таңдау болды.
Жас офицер көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ағымдағы жылдың 7 мамырында “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Азамат өткен жылы қызмет барысында жасаған бірнеше батырлық істері үшін жоғары мемлекеттік наградаға ие болды. Бірде ол көп қабатты үйдің төбесінен секіріп, суицид жасамақ болған адамды құтқарса, басқа жағдайда ол өрттің алдын алып, адамды үлкен қауіптен аман алып қалды.
Азамат үшін бұл қызмет пен офицерлік борыштың бір бөлігі.
Азамат Албаков 2000 жылы 11 шілдеде Көкшетауда дүниеге келген. №21 орта мектепті бітірген. Мектеп жылдарында- ақ ол ішкі істер органдарында қызмет етемін деп шешті. Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің заң факультетін бітіргеннен кейін 2021 жылы жас маман полицияға келді.
«…Мен бұл мамандықты таңдаған себебім адамдарға нақты пайда әкелгім келді және көмек пен қолдау қажет жерде болғым келді…”,- дейді Азамат. «…Патрульдік полицейдің жұмысы-бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ең қиын жағдайларда тез шешім қабылдау…”,- деп атап өтті полиция қызметкері.
Албаковтар отбасында Азамат және оның інісі бар. Әкесі кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Офицер үшін ата-ана еңбекқорлықтың, адалдық пен төзімділіктің басты үлгісі болды.
«…Ата-анам маған әрқашан таңдаған жолыңды соңына дейін абыроймен атқар деп айтады. Бұл сөздер өмірде де, қызметте де есімде…”,- дейді ол.
Оның айтуынша, полиция қызметкері тәртіпті, әділ және әрқашан көмекке келуге дайын болуы керек.
Ведомстволық наградаға ие болу жас офицер үшін ерекше сәт болды.
«…Бұл менің өмірімдегі өте әсерлі сәт. Медаль алу мен үшін үлкен мәртебе. Әрине уайымдадым, бірақ сонымен бірге үлкен қуаныш пен мақтаныш сезіндім. Мұндай әрекеттердің назардан тыс қалмауы өте маңызды. Бұл күш береді және қызметкерлерді одан да жақсы қызмет етуге ынталандырады…”,- дейді Азамат.
Бүгін полиция аға лейтенанты қызметін жалғастырып, генерал болу, Отанға лайықты қызмет ету арманына сенімді қадам жасауда.
Азамат Албаков ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне қызметке әрқашан адал ниетпен қарауды және полиция мамандығында ең бастысы адам болып қалу екенін ұмытпауды тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1220904?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version