Ақтөбе облысының жылыжай шаруашылықтары көкөніс бағасын тұрақтандыруда маңызды рөл атқаруда
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ғ. Елеуов және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы бастаған жұмыс тобы қаламыздағы бірқатар жылыжай кешендерінің қызметімен танысты.
Қазіргі таңда облыс бойынша жалпы аумағы 47 гектарды құрайтын 40 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар жылына 20 мың тоннаға жуық қияр мен қызанақ өндіреді. Өндірілген өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, еліміздің өзге өңірлеріне және жақын шетелдерге экспортталуда.
Өндірістің негізгі үлесі «Green Capital Kazakhstan» ЖШС, «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС және «Izet Greenhouse» ЖШС-не тиесілі. Аталған кешендер заманауи Ultra Clima технологиясы негізінде голландиялық KUBO және Dalsem компанияларымен бірлесіп салынған.
Жұмыс сапары барысында кәсіпорын басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өндіріс барысында туындаған өзекті мәселелерді шешу бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелерді реттеу және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жұмыстары жалғаса береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-auyl/press/news/details/1221016?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау