Аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Муканов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 мамыр күні аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Муканов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында 7 тұрғын өзекті мәселелерін шешуге көмек сұрап жүгінді. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үймен қамту, үй дәлізіне пандус орнату және коммуналдық төлем түбіртектеріне қатысты болды. Сонымен қатар жеке сипаттағы мәселелер: ағаш кесу, учаске желілерін көшіру және үй айналасын абаттандыру мәселелері қаралды.

Барлық сұрақтар мұқият тыңдалып, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді.

Туындаған мәселелерді шешу мақсатында жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. С. Муканов аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру басым бағыттардың бірі екенін және бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындармен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталып, азаматтарды аудан өміріне белсене араласуға шақырды.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүргізеді.

Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-11-11.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1220641?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version