Аудан ажары мен халық игілігі: Қарақиядағы құрылыс қарқыны бақылауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандағы инфрақұрылымды жақсарту және елді мекендердің сәулеттік келбетін ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. 14 мамыр күні  аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен бөлім басшылары Жетібай және Мұнайшы ауылдарына жұмыс сапарымен барып, маңызды әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың барысын қадағалады. Бұл сапардың басты мақсаты-жұмыс сапасын тексеру және бекітілген кестеге сәйкестігін бақылау.

Жетібай ауылындағы «Жаңақұрылыс» шағын ауданында жұмыстар жалғасуда. Мұнда №76 тұрғын үй мен «Заман» супермаркеті аралығында жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстары қарқын алған. Айта кетерлігі, бұл аймақта тек тротуар салу ғана емес, сонымен қатар жеке тұрғын үйлердің қоршауларын бірыңғай түске бояу арқылы көше бойының эстетикалық үйлесімін қалыптастыру шаралары қолға алынған. Аталған ауқымды істі «ПромСтройГарант» ЖШС мердігер мекемесі жауапкершілігіне алған.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1220689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version