Аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 14 мамырында сағат 14:30-да  депутат Б. Бидаулетованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде 5  мәселе қаралды:

– Алтынсарин ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы;

– Алтынсарин ауданының 2025 жылға арналған ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы туралы;

– Алтынсарин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №171 «Алтынсарин ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

– мемлекеттік сектор мен бизнестегі осал топтар үшін жұмыспен қамту квоталарының орындалуын бақылауды ұйымдастыру туралы;

– Алтынсарин ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережелерінің сақталуы туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1220996?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version