Балқаш қаласында туристік маусымға дайындық және қауіпсіз туризмді қамтамасыз ету мақсатында туристік аймақтарда арнайы аралау жұмыстары жүргізілді.
Аралау жұмыстарына Балқаш қаласының әкімі Сапар Қайыркенұлы Сатаев, қала прокуратурасы, полиция басқармасы, төтенше жағдайлар қызметі, жауапты мемлекеттік органдар мен коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысты.
Арнайы аралау барысында Барковский, Шұбар-Түбек және Тораңғалық демалыс аймақтарындағы туристік нысандардың дайындығы тексерілді. Атап айтқанда, жағажай аумақтарының санитарлық жағдайы, абаттандыру жұмыстары, жол инфрақұрылымы, жарықтандыру, қоқыс шығару, санитарлық тораптар және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері қаралды.
Сонымен қатар судағы қауіпсіздік шараларын күшейту, құтқару бекеттерінің дайындығы, қоғамдық тәртіпті сақтау, бейнебақылау жүйелерінің жұмысы және демалушылар үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар пысықталды.
Аралау қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою, жағалау аумақтарын талапқа сай дайындау және туристік маусым басталғанға дейін барлық қажетті жұмыстарды аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Балқаш қаласы алдағы туристік маусымға жан-жақты дайындалып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы демалыс ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды күшейтуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-balkhash/press/news/details/1221438?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау