Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу туралы (ББЖМ)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінен 20 мамырына дейін Ақмола  облысының 4 және 9 сынып оқушылары ББЖМ-ға қатысады. Зерттеу компьютерлік кешенді тестілеу форматында өтуде.
ББЖМ өткізу мақсаты – білім сапасы мен функционалдық сауаттылықты (оқу, математикалық, жаратылыстану) бағалау болып табылады. ББЖМ нәтижелері оқушылардың үлгеріміне әсер етпейді және емтихан емес. Бұл мониторинг мектептерге одан әрі әдістемелік көмек көрсету үшін білімдегі олқылықтарды анықтауға бағытталған.
Осы зерттеуді жүргізуге Департамент қызметкерлері бақылаушылар ретінде қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1220716?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version