БҚО-да білім беру жүйесіндегі конституциялық принциптерді ілгерілету мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бүгін Халық Конституциясын насихаттау және ілгерілету бойынша республикалық іс-шаралар жоспарының аясында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесуге білім басқармасы мен жоғары оқу орындары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  қызметкерлері, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің, білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтары, департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, әдістемелік кабинет әдіскерлері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – білім беру жүйесіне конституциялық принциптер мен заңнаманың жаңа талаптарын енгізу арқылы білім сапасын арттыру және білім алушылардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету болды. 

Кеңес барысында «Жаңа Конституция – демократиялық саяси даму негізі» тақырыбында М.Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университетінің «Әлеуметтік ғылымдар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Т.Т.Шайхиев, «Қазақстан Республикасының Конституциясы –ел бірлігінің және білімнің кепілі» тақырыбында «Өрлеу»  Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ның сапаны  бағалау департаментінің өңірлік мониторинг қызметінің сарапшысы А.Т.Айтпукешев, «Отбасы, мектеп, қоғам: Конституциялық құндылықтар үндестігі» тақырыбында Орал қаласының №42 «Ақ ниет» гимназиясы директоры, Орал қалалық маслихаты депутаты  А.З. Губашева, «Білім беру жүйесіндегі педагогтердің құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын дамытудың маңыздылығы» тақырыбында департамент жанындағы әдеп кеңесінің мүшесі, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Батыс Қазақстан облысы бойынша ұйымының бас маман-заңгері Г.Е Құрманғазиева сөз сөйлеп, тиімді кейстермен бөлісті. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/1221333?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version