Бүгін Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында белгілі балалар жазушысы Мұхаметжан Етекбаевтың 90 жылдығына арналған мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дөңгелек үстел жұмысына Жұпар Жақан қатысып, оқушылармен тағылымды кездесу өткізді. Іс-шара барысында оқырмандарға автордың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен ақпарат беріліп, «Алатау ертегісі» шығармасына мазмұндық талдау жасалды.

Мұхаметжан Етекбаев — қазақ балалар әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қаламгерлердің бірі. Оның шығармалары жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Жазушының мысалдары мен ертегілері арқылы балалардың қиялы дамып, дүниетанымы кеңейеді.

Осындай рухани кездесулер жас оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайтуға негіз болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1220701?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version