Бүгінде ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына бақылау күшейтілуде. Осы бағытта аудан басшысы Жандос Еркінбек барлық ауылдық округтердегі тазалық жұмыстарының сапасын үнемі назарда ұстап келеді.
Осыған орай бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімі аппаратының басшысы Ермек Сәтбаев Тұрмағамбет ауылында болып, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылып жатқан санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарын бақылады.
Іссапар барысында білім беру ұйымдарының аумағы, дәрігерлік амбулатория, орталық алаң және ауылдың негізгі көшелерінің бірі – Ешнияз сал көшесіндегі әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар нысандардың санитарлық жағдайы қатаң тексерілді.
Бақылау барысында көше тазалығы, қоқыс қалдықтары мен қоғамдық орындарды ретке келтіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды. Ермек Сәтбайұлы ауыл әкіміне көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бойынша тиісті тапсырмалар беріп өтті.
Аудан көлемінде бұл тазалық науқаны аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, елді мекендердің санитарлық тазалығы қатаң бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1220623?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау