ЕЗЖ деген не? Оларды қалай аударуға болады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЕЗЖ деген не? Оларды қалай аударуға болады?
Отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қорға жарналардың келесі түрлері аударылады:
✔️ ️міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – жұмыс беруші ай сайын қызметкер жалақысының 10%-ын;
✔️ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – жұмыс беруші өз есебінен аударатын зиянды және қауіпті кәсіптегі қызметкерлерінің табыстарының 5%-ын;
✔️ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) – 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған барлық қызметкерлер үшін аударатын жарна (2024 жылы 1,5%, 2028 жылға қарай біртіндеп 5%-ға дейін өседі).
✔️ Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өздері үшін және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат аударады. Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bershugir/press/news/details/1221192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version