«Ғасырлар дәстүрі» атты халықаралық сәндік-қолданбалы өнер және кілем тоқу фестивалі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық музей күні аясында ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында 2026 жылдың 14-17 мамыры күндері Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан этнографиялық музейінің Солжағалық кешені аумағында (Сәтбаев даңғылы, 79 а) «Ғасырлық дәстүрлер» кілем тоқу және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының халықаралық фестивалін өткізу жоспарлануда. Бұл – кілем, алаша тоқу және текемет, сырмақ тігу өнерінің үздік шеберлері бас қосатын бірегей алаң!

Фестивальге 8 мемлекеттен және ел өңірлерінен жалпы жиыны 800-ден аса қолөнер шеберлері қатысады. Атап айтқанда, кілем тоқу өнерінің ежелгі отаны саналатын Әзірбайжан Республикасынан, сондай-ақ Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Таулы Алтай мемлекеттерінен, сонымен қатар еліміздің таңдаулы қолөнер шеберлері қатысады. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшелері де фестиваль жұмысына атсалысады.

Фестиваль аясында:

– «Global Best of Records» халықаралық рекордтар кітабына енгізе отырып, «Аламан құрақ – 2026» жобасын (жоба авторы Н. Абайқан) өткізу қарастырылған.

– жетекші шеберлердің шеберлік сағаттары,

– тақырыптық көрмелер мен шығармашылық зертханалар,

– облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу,

– облыстың аудандары мен қалаларының мәдениет қызметкерлері үшін бейінді сарапшылардың қатысуымен материалдық емес мәдени мұра мәселелері бойынша оқыту семинары.

Фестиваль аясында өтетін концерттік концерттік бағдарламада арнайы келген этникалық музыка шеберлері өнер көрсетіп, көрерменге әуен арқылы терең сыр шертеді. Күмбірлеген күй мен сазды әуен ұлттық мұрамыздың інжу-маржанын жарқырата танытып, әр жүрекке рухани жылу сыйлайды.

«Ғасырлық дәстүрлер» фестивалі – сан алуан мәдениеттер тоғысқан, өткен мен бүгінді жалғаған тағылымды көпір іспетті. Бұл – ата-бабадан жеткен асыл өнерді ұлықтап, шеберліктің нәзік өрнегін келер ұрпаққа аманат ететін, сонымен бірге жаңа шығармашылық ізденістерге жол ашатын шабыт мекені.

Мереке күндері сіздерді осы ерекше рухани кеңістікте жүздесуге шақырамыз! Кіру тегін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1220805?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version