-
«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 2026 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 1 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мақсаты — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысты ұсыныстар, ескертулер немесе сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласуға болады:
Телефон: 8 (7232) 700-233
Электрондық пошта: gz_vko@mail.ru«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты — мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған өзара байланысты қағидаттар, рәсімдер мен іс-шаралар кешені.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаттары:
— сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
— сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктің бұлтартпауын қамтамасыз ету;
— қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеттері:
— сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтау және жою;
— қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тартылу тәуекелін төмендету;
— қызметкерлер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу;
— Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт — Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы болып табылады.
Сенім телефондары:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Call-орталығы – 1424
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті – 8 (7232) 23-43-32
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы – 8 (7232) 24-32-99Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мекеме лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау
Егер сіз мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының куәсі болсаңыз, төмендегі тәсілдер арқылы хабарлай аласыз:
- Телефон арқылы: +7 (7232) 700-233
- Жазбаша түрде мекенжайға: 070000, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 8 қабат, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ
- Электрондық пошта арқылы: gz_vko@mail.ru
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1220971?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау