«Кеден» ақпараттық жүйесінің сынақ нұсқасы бойынша офлайн-тренинг өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    

           2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы «Codecraft» ЖШС-мен бірлесіп «Кеден» ақпараттық жүйесінің сынақ нұсқасы бойынша офлайн-тренинг өткізді.

          Іс-шараның мақсаты – санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезінде «Кеден» АЖ қолдану алгоритмі мен тәртібін түсіндіру.

          Тренингке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінен 17 қызметкер  қатысты.

          Дәріскер ретінде «Codecraft» ЖШС-нің техникалық қолдау маманы –  Еламан Жасуланович Есмагамбетов практикалық сабақ өткізді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1220603?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version