«Мамандық Pro-Fest 2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 15 мамырында Өскемен қаласындағы «Maxi Mall» СОСО алаңында «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен мамандықтар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 140 жұмыс беруші, жұмыссыздар, мемлекеттік грант алушылар, жастар, сондай-ақ жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептердің шамамен 4000 түлегі, «Amanat» партиясы, «Қарызсыз қоғам» жобасы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жоғары оқу орындарының түлектеріне, «Жастар практикасы», қысқа мерзімді оқыту және ерікті қоныс аудару бағдарламаларына қатысушыларға тұрақты жұмысқа орналасу үшін жолдамалар берілді.

Қатысушылар үшін жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары ұсынылып, мастер-кластар, грант алушылардың көрмесі, жұмыспен қамтуды қолдау шаралары бойынша консультациялар, «Mansap kompasy» алаңының жұмысы және VR-технологияларды қолдану арқылы оқыту ұйымдастырылды.

Іс-шараның шығармашылық бөлігін студенттердің флешмобтары, музыкалық қойылымдары мен дефиле көрсетілімдері толықтырды. Концерттік бағдарлама іс-шараның жарқын бөлігіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1221364?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version