Өскемен қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, онда ШҚО ТЖД қызметкерлері құтқарушы мамандығын қалай игеруге және ТЖМ қатарына қызметке қалай орналасуға болатынын жан-жақты түсіндірді.
ТЖД өкілдері жәрмеңкеге келушілермен өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісіп, бұл мамандықтың маңыздылығы мен жауапкершілігі, сондай-ақ құтқарушылар үшін ашылатын кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы айтты.
Көптеген қатысушылар М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алып, мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алды. Бұл жастар арасында құтқарушы мамандығына деген қызығушылықты арттырып, аталған кәсіптің танымал болуына ықпал етті.
Осындай іс-шаралар қоғамды түрлі мамандықтар туралы ақпараттандыруда маңызды рөл атқарып, құтқару саласына жаңа кадрларды тартуға септігін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1220963?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау