Абай облысында полицейлер кезекті рет адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайдың алдын алды. 8 мамыр күні күндізгі сағат 15:01 шамасында “Audi” маркалы автокөлікті тоқтатқан тәртіп сақшылары жүргізушінің күмәнді әрекетін байқап, медициналық куәландыруға жіберді. Медициналық куәландыру қорытындысы оның орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғанын растады.
— 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды;
— 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды;
— автокөлігі арнайы айыптұраққа қойылды.
Кейде бір стақан алкоголь адамның ойлау қабілетін әлсіретсе, бір ғана қате шешім бірнеше адамның өмірін өзгертіп жібереді. Жол қателікті кешірмейді. Сондықтан тәртіп сақшылары әрбір рейдте тек ереже бұзушыны емес, адам өмірін құтқаруға тырысады.
Мас күйінде көлік басқару — қауіпті әдет емес, қоғамға төнген нақты қауіп. Рөлге мас күйде отырған әр жүргізуші өз өмірімен қатар өзгенің де тағдырын тәуекелге тігеді.
Есіңізде болсын:
Заңды құрметтеу — өз өміріңді және өзгенің өмірін сақтау.
Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1221575?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау