2026 жылдың 14 мамырында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде қала және аудан көлеміндегі медициналық мекемелердің жалпы тәжірибе дәрігерлерінің қатысуымен «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелері мен мүгедектіктің негізгі мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібі баяндалып, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдамалардың себептері талданып, проактивті сырттай куәландырудың үлесі мен сапасын арттыру бойынша кеңес берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1221502?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау